Түркияда тағы да жер сілкінісі сезілді
Түркияда жаңа жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жер асты дүмпулері 7 ақпанда Жерорта теңізі акваториясында тіркелді. Түрік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, ол
4,4 баллға тең.
Жерсілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 04:29-да тіркелді. Ол Жерорта теңізінің жағалауында Түркияның Сириямен шекарасында орналасқан Яладага ауданынан 50,7 шақырым жерде болды.
Одан кейін Түркияның орталық бөлігінде 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер Астана уақытымен сағат 09:13-те тіркелді. Эпицентрі Гельбашы ауданынан бес шақырым жерде болды. Ошақ екі шақырым тереңдікте жатты.
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында Сирияның бірнеше провинцияларына әсер еткен бірқатар жер сілкінісі болды. Ең күшті дүмпу магнитудасы 7-ден асты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген