Түркияда тағы бір қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Түркияның Алания қаласында 13 қазан күні болған жол апатынан 38 жастағы қазақстандық әйел қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ағасы Бағдат Құлмағамбетовтен
Марқұмның үлкен ағасы Бағдат Құлмағамбетовтің айтуынша, жол апаты қазақстандық журналист пен оның қызы жантүршігерлік апаттан қаза тапқан тасжолда болған.
"13 қазан күні біз Әлия Құлмағамбетова апамыздан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның жоспарлары көп болатын. Ол Аланияда (Түркия), D 400, Кестель тасжолында көліктің соқтығысуы салдарынан қаза болды. Полицияның мәліметінше, ол жасыл шам жанған кезде жолды дұрыс жерден кесіп өтіп бара жатқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Құлмағамбетов.
Қыздың туыстары Әлияның жолды дұрыс жерден кесіп өткеніне еш күмәнданбайтынын жеткізді.
Үлкен ағасының айтуынша, полицейлер жүргізушінің жас қыз екенін, барлық мән-жай анықталғанша үйіне жіберілгенін айтқан.
"Оқиғадан бір апта бұрын біз оған бардық. Әлия халықаралық компанияда қашықтан жұмыс істеді және 25-і күні Қазақстанға оралуы керек еді. Әлия – оқу озаты, ақылды қыз, өмірге құштар. Ол волонтер әрі мектепте психолог болып жұмыс істеді, қарттарға көмектесті", – деді қыздың туыстары.
Ағасы Бағдат Құлмағамбетовтың айтуынша, апат болған тас жол "өлім жолы" деп аталып үлгерген. Мұнда адамдар күн сайын жол апатына ұшырап, қаза табады. Өйткені жол жағалаудан өтеді және теңізге жету үшін оны кесіп өту керек.