Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда мешіт ауласында сүйіскен шетелдік туристер бас бостандығынан айырылмақ (видео)

туристер ұсталдыФото: Видеодан скрин

Ыстамбұлда Чамлыжа мешітінің ауласында сүйіскен ресейлік туристер ұсталды. Олардың әрекетін 26 тамызда куәгерлер видеоға түсіріп, полицияға арызданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hürriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Прокуратура дерегінше, туристердің әрекеті діни сенімдерді қорлау ретінде сараланады. 

"Жұп түсініктеме беріп, кешірім сұрауға тырысқан. Олар жергілікті қасиетті орында өзін қалай ұстау керегін білмегенін айтқан. Алайда бұл жеткіліксіз болды. Оларға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр", – деп жазады түрік басылымы.

Түркиядағы Ресей елшілігінің мәліметінше, туристерден жауап алынған соң олар босатылған. Бірақ істі сот қарайтын болады.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар Түркияда бұрын да болған. Бұған дейін Каппадокияда Түркия туы ілінген бағанада билеген шетелдік турист бас бостандығынан айырылатыны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 06 Қыркүйек, 2025 19:23
Талқылау