Түркияда құлаған ғимараттардағы ақауларға байланысты 8 адам қамауға алынды
Түркияда жер сілкінісінен қираған ғимараттардан табылған ақауларға байланысты 8 адам, соның ішінде құрылыс мердігерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AlJazeera басылымына сілтеме жасап.

Ұсталғандарға ақауы бар ғимараттар тұрғызды, сонымен қатар бағандарды кесті деген айып тағылды.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында бас прокуратура бастаған тергеу жер сілкінісінен қираған ғимараттарда табылған ақауларды зерттеуді жалғастыруда. Осы іс бойынша 8 адам қамауға алынған.
Тергеу аясында қамауға алу және жауап алу жалғасып жатыр.
- Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар үйінді астында қалып қойды
- Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан жеті адамды аман алып шықты
Бұған дейін Стамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Ясар Коскунды ұстаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген