Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда католик шіркеуіндегі қарулы шабуылға қатысы бар деген күдікпен 47 адам ұсталды

28 қаңтарда Түркия полициясы католик шіркеуіндегі атысқа қатысы бар деген күдікпен 47 адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NTV Haber арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы италиялық Санта-Мария католиктік шіркеуінде жексенбі күні мерейтой кезінде қарулы шабуыл жасалды. Бетперде киген екі адам шіркеу қызметкерлеріне оқ жаудырды. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Екеуі де – шетел азаматтары. Бұл шабуылға "Ислам мемлекеті" тобының қатысы болуы мүмкін.

"Бірі Тәжікстаннан, екіншісі Ресейден келген бұл екі шетел азаматты ДАИШ-тің мүшесі деп есептейміз. 12 сағаттан аз уақытта екі күдіктіні де ұстаған Ыстамбұл полициясына алғыс айтамын – деді Түркияның ІІМ басшысы Али Ерликая.

Сондай-ақ Түркия ІІМ басшысы шіркеуге жасалған қарулы шабуыл ісін тергеу аясында полиция 30 мекенжайда операция жүргізіп, 47 адамды ұстағанын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Ыстамбұлда белгісіз біреулер католик шіркеуінің келушілеріне оқ жаудырғаны айтылды. 

Талқылау