AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Түркия Ресей үшін Орталық Азиядағы экспансиясынан бас тартқан

Түркия билігі Ресей Анкараның саяси бастамаларына "тосқауыл қоюы" мүмкін болғандықтан Орталық Азиядағы белсенді экспансиядан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы Германияның Халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік институтының Түркияның қолданбалы зерттеулер орталығының IPC Mercator қорының қызметкері, Валдай клубының сарапшысы Гуни Йылдыз мәлімдеді.

"Түркия қазір Орталық Азия елдеріне қатысты аз күш жұмсап жатыр деп айта алмас едім. Анкара Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін саяси тұрғыда белсенді әрекетке көшті", – дейді сарапшы.

Ол КСРО ыдырағаннан кейін, түрік билігі түрік тарапына пайдалы болатын байланыс қалыптастыруды қолға алғанын жеткізді. Олар Кеңес Үкіметінің құрамында болған елдерде мектептер, балабақшалар, мешіттер, мәдени орталықтар мен қарттар үйін сала бастаған. Сонымен қатар Анкараның басшылығымен ол мемлекеттерде ұйымдар мен мәдени орталықтар ашыла бастаған.

Бірақ Түрік билігі КСРО елдеріне қатысты батыл саясаттан бас тартуға мәжбүр болды. Өйткені Түркияның әрекеті Мәскеудің наразылығын туғызған.

"Сонымен қатар Түркияның Орталық Азиядағы белсенділігінің төмендеуінің тағы бір себебі – Мәскеуге қарсы шығып, оның аумағына кіретін КСРО елдеріне енгісі келмеді. Оған қоса, Түркия билігі мұны НАТО елдерінің көмегінсіз жасамайтыны белгілі", – деп қорытындылады сарапшы.

Анкара бұрынғы КСРО елдерінде белсенді гуманитарлық, мәдени, әскери және экономикалық саясат жүргізуде. Осылайша, 2013 жылы Түркия Қытайдың Еуропамен Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан және Грузия арқылы қосылуын көздейтін "Бір белдеу, бір жол" қытайлық бастамасының мүшесі болды. Жобаға Түркиядан басқа Түркіменстан, Қазақстан, Әзербайжан, Украина, Польша мен Румыния кіреді. Оның аясында Баку-Тбилиси-Карс теміржолының құрылысы да жүзеге асырылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр