Түркістанда той кортежінің жүргізушілері жол ережесін бұзып, апаттық жағдай тудырған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған үйлену той кортежінің жүргізушілерін жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция әлеуметтік желілерді тексеру барысында “Алматы–Шымкент” автожолының 667-шақырымында үйлену той кортежі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.
Сайрам ауданының тұрғыны той өткізу үшін шамамен 10 автокөлікті жалдаған. Алайда жүргізушілер жол ережелерін сақтамай, басқа көлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп, апатты жағдай туғызған.
Қазір барлық жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды, ал көліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар шара ұйымдастырушы азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оларды бұзған жағдайда жауапқа тартылатынын ескертті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген