Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда есірткі граффитиін салғандар 3,5 жылға сотталды

Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары есірткі және психотропты заттар сатуға арналған сайттардың сілтемесі бар граффити салғаны үшін 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап. 

Граффити

Есірткі жарнамасын ер адамдар әлеуметтік және білім беру мекемелерінің, тоқтап қалған құрылыс нысандарының қабырғаларына салған. Әр сурет үшін оларға 400-500 теңге төленген.

Олар қылмыс орнында үстінде, көпқабатты үйдің жанындағы гаражға граффити салу кезінде ұсталған. Тінту кезінде ер адамдардың бірінен психитропты затты алмастырушы көп мөлшерде анықталған. 

"Түркістан қаласының прокуратурасы жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша екі ер адамға Қылмыстық кодекстің 299-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру) айып тағылып, сотқа берілді. Олардың біріне қосымша Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 3-бөлігі бойынша (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) айып тағылды", – деп түсіндірді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер.

Түркістан қалалық сотының шешімімен Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Талқылау