Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық 15 жастағы Назакат: Кәрім басымды қабырғаға ұрып, қолымды байлап жыныстық қатынасқа тартты

Түркістан тұрғыны Назакат Рәметова 14 жасында зорлыққа түсіп, 15 жасында ана атанғанын айтты. Алайда ұлының әкесімен бас қосқысы келмейді. Баланың кімнен екенін өзім де білмедім деп ақталды. Ал Назакаттың анасы қызымен төсектес болған жігіттің бәрі жазаланғанын қалайды. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқатта" айтылды.

Назакат Рәметова 15 жасында ана атанды. 25 жастағы жігіттермен төсектес болған ол қатынастың өз еркінсіз болғанын айтты. Айтуынша, ұлының әкесі Кәрім өзін күштеп төсекке тартқан. Ал үйленеміз деп жүрген Хасан оның Кәрімнен жүкті екенін біліпті. 

"Мен Назакатпен төсектес болған жоқпын деп осыған дейін жасырып келдім. Өзім де білген жоқпын. Бала өзгеден шығар дедім. Кейін балам екенін мойындадым. Одан бас тартпаймын. Назакатпен үйленуге дайынмын. Ол айтқандан екеуміз еріксіз қатынаста болған жоқпыз. Біз қыз-жігіт болып кездесіп жүрген соң жақындастық", - деді Кәрім.

Ал Назакаттың айтуы басқа. Әлі де қос тараптың сөзі қайшы келіп жатты. 



"Ол маған келіп мені ұнататынын айтты. Кеш болып кеткен соң оған төсек салып бердім. Ол мені күштеп, басымды қабырғаға ұрып, киімімді шешті. Өзі де шешініп, жыныстық қатынасқа түсті. Мен онымен өз еркімсіз көндім", - деді Назакат. 

Назакат Рәметованың ұлы Ахметтің Кәрімнің баласы екенін ДНҚ сараптамасы арқылы нақтыланған еді. Алайда одан кейін Назакатқа Кәрім материалдық тұрғыда көмектеспеген екен. 

"Баламның киімдері тарылып қалды. Оны алатын ақша жоқ Ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Кейін ақша болғанда аламыз. Кәрім де келген жоқ. Тек бағдарламаға қайта келетінін білген соң жөргекқабын, басқасын алып келді", - деді жас ана. 

Ал Назакаттың анасы Фатима ханым ешкімге кешірім бермейтінін айтты. 

"Кәрім маған Назакатпен жақын болмағанын айтты. Қанша сұрадық. Тергеуде де жақындаспадық деп жауап берді. Енді әкесі болып шықты. Оны өтірік айтқаны үшін кеіре алмаймын. Оны да, Хасанды да, төсектес болғандардың ешқайсысын да кешірмеймін. Назакаттың болашағы алда. Ол жас. Басқа жігіт кездеседі де ойлаймын. Хасанмен де, Кәріммен де қосылғанын қаламаймын", - деп соңғы сөзін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Назакат баланың әкесі өзі сүйген жігіт Хасан екенін айтқан еді. Алайда бағдарлама барысында ұлының әкесі Кәрім екені анықталды. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 27 Қаңтар, 2021 16:56
Талқылау