Түркістан облысының әкімдігі: Арыстағы оқиғадан қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетіледі
Түркістан облысының әкімдігі Арыстағы оқиғадан қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалмаханов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда Түркістан облысының әкімдігі барлық жауапкершілікті өз мойнана алып, 8 жасар Аянның жерлеу рәсімін өткізуге атсалыспақ.
"Әімшілік Нұр-Сұлтан қаласынан баланың денесін жерлейтін жерге дейін алып келуді өз мойнына алды. Сонымен қатар, жерлеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылып, қайтыс болған баланың отбасына қаржылай көмек көрсетілетін болады", - дейді Сәкен Қалмаханов.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы №2 балалар ауруханасында Арыс қаласындағы жарылыстан кейін келген 8 жасар бала қайтыс болды. Аян Шәріпбаев есімді бала 2 тамыз күні сағат 9.20-да көз жұмған. Ол бір ай бойы комада жатқан болатын.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”