Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: Полицейлер ауылдағы "тәртіпсіздік" туралы ақпаратқа жауап берді

Түркістан облысының полицейлері Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өлімінен кейін орын алған "тәртіпсіздік" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында қызды өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде ауыл тұрғындары оны полицейлерден алып қалуға әрекеттенгенін айтты. Журналист жариялаған кадрларда олардың полиция көліктерінің соңынан жүгіргенін көруге болады. Мұны әлеуметтік желілердегі басқа кадрлар да растайды.

Бүгін Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты деп хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға орнына облыс прокуроры мен полиция департаментінің бастығы, жедел-тергеу тобы келді.

"Қазіргі уақытта тиісті шаралар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарымен ақсақалдар, құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кездесті. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жариялауға жатпайды.Бұл ретте азаматтардан тек ресми деректерге сенуді сұраймыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", - деді полиция.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды бұрын сотталған ер адам өлтіргені туралы ақпарат жазған болатынбыз

Талқылау