Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қыз ұзату кезінде жүргізушілер кортеждің алдына шығу үшін бірін-бірі соққан

кортеж

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында той кортежіне ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады.

Оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды. 


Таразда түлектер кортежі басқа жолаушыларға жолда кедергі келтірген


Алматы әкімінің сән-салтанатты кортежі қазақстандықтардың ашуын туғызды (видео)


Құқықбұзушылар апатты жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 11:01
Талқылау
`