Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Фото: gov.kz
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әсем Нүсіпова 2022 жылдың ақпан айынан бері Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әсем Нүсіпова 7 тамызда өз еркімен қызметінен кеткен.
Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.
- 1999 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ассистенті;
- 2009 жылдың маусымынан бері "ҚазТрансОйл" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;
- 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер Орталығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”