Түркістан облысында төрт баланың әкесі 30 жыл бойы туу туралы құжатсыз жүрген
Фото: Instagram/bagdatmussin
Түркістан облысының Бөген ауылында 31 жастағы ер адам туу туралы куәлігінсіз өмір сүріп келген. Ол дүниеге келгенде ата-анасы ресми түрде құжаттарын рәсімдемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1994 жылы туған Ордабасы ауданының тұрғыны Бөген ауылындағы ауруханада туған. Ер адам Д. мен А.-ны өзінің ата-анасы деп тану жөнінде сотқа жүгінген. Кейін құзырлы орган оның ата-анасының тиісті түрде құжаттарды рәсімдемегеніне байланысты туу туралы куәлікті бермегені анықталды. Арызданушының осы күнге дейін тек мектеп бітіргенін растайтын аттестаты бар.
Қазір арызданушы отбасылы, азаматтық некеде төрт бала тәрбиелеп отыр.
“Аталған факті куә Д. мен А.-ның жауаптарымен, “Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” өкілінің қорытындысымен, куәлердің түсініктемелерімен, “Медикал Геномикс” ЖШС-нің қорытындыларымен дәлелденді. Сот Жоғарғы соттың 28 маусым 2002 жылғы №13 санды “Заңдық маңызы ба рфактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы” нормативтік қаулысының 6, 12 тармақтарын, Азаматтың процестік кодекстің 65-бабын, 305-бабының 2-бөлігінің 3-тармағын назарға алып, арыз беруші бұл фактіні соттан тыс тәртіппен анықтай алмайтынына байланысты және соттың шешімі өзін және балаларын құжаттандыру үшін қажет екенін ескеріп, 20 маусым 2025 жылы Ордабасы аудандық сотының шешімімен ер адамның арызын толық қанағаттандырды”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық соты.
Шешім заңды күшіне енді.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
