Түркістан облысында ер адам ірі қараны жеңіл көлікпен ұрлап кеткен
Түркістан облысы Созақ ауданының тұрғыны ірі қараны жеңіл көлікпен ұрлап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі рейд кезінде тәртіп сақшылары Audi 100 көлігін тексеріс үшін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңға бағынбай, қашып кетпек болған. Алайда полицейлер шұғыл әрекет етіп, көлікті тоқтатқан. Тексеріс кезінде жеңіл көліктің артқы орындығында ірі қараның жатқаны анықталған.
Анықталғандай ер адам ірі қараны ұрлап кеткен. Кейін оны үйіне жасырмақ болыпты. Полицейлер ұрланған сиырды тәрткілеп, Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Мал ұрлау" бойынша тергеу бастаған.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады