Ең төменгі зейнетақы есептелген қазақстандық сот арқылы төлемін көбейтіп алды
Фото: Kaspi.kz
Мойынқұмда еңбек кітапшасын жоғалтып алған жұмысшының еңбек өтілі есептелмей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мойынқұм аудандық сотында азамат И-ның еңбек өтілі фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талап қоюшыға ең төменгі зейнетақы тағайындалды, "ПКМ-2006" жұмыс өтілі саналмады. Арыз беруші 1988-1998 жылдар аралығында сол жерде жұмыс істеген.
Уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінсе де, мәселе шешілмеген. Сол үшін ол сотқа жүгініп, лайықты зейнетақыны көбейту үшін заңды маңызды фактіні анықтауды сұрады.
“Арыз берушінің дәлелдері сотта сол кезеңде онымен бірге жұмыс істеген екі куәгердің айғақтарымен және анықтамалармен расталды. Сот арыз берушінің еңбек өтілін белгілеудің басқа мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келді, өйткені ол жұмыс істеген мекеме таратылып кеткен. Сот И-ның арызы қанағаттандыруға жатады деп есептеді”, – делінген хабарламада.
Сот арызды қанағаттандырды. Азамат И "ПКМ-2006"-да 10 жыл жұмысшы болып жұмыс істегені туралы фактіні анықтады. Сот шешімі заңды күшіне енді.

"Айлығымыз аз, қалай жеткіземіз?": Қазақстандықтар қазіргі жалақыға күн көру қиындап бара жатқанын айтып, дабыл қақты
