Түркістан облысында бір жарым жасар бала балабақшаға барамын деп отадан бір-ақ шықты
Түркістан облысында балабақшаға барған бір жарым жасар сәбиге шұғыл ота қажет болды. Жамбас сүйегінің сынуы, денесі, басында, тіпті бетінде көптеген сызаттар мен көгерген іздері бар бала ауруханаға жеткізілді. Нақты не болғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Оқиға Отырар ауданы Шәуілде ауылында болған. Балабақшадағылар бала көліктен түскен соң тасқа шалынып, құлағанын айтты. Анасы бұағн сенбейді және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеді.
Бала бізге 12 сәуірде сағат 18.00-де орташа ауыр жағдайда жеткізілді. Зерттеу көрсеткендей, баланың жабық бас жарақаты, ми шайқалу, жоғарғы, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, бет пен бастың бірнеше абразиясы бар. Шұғыл операция жасалды, ол шамамен қырық минутқа созылды. Қазір баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда", – деді облыстық балалар ауруханасының бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Ғалымжан Байтөре.
Түркістан облысы Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінде балабақша қызметкерлерінің нұсқасы айтылды.
"Бұл күні ата-аналардың бастамасымен балаларды балабақшаға жеткізу үшін Opel көлігі жұмыс істеп жатқан. Бала көліктен түсіп, мұғаліміне жүгіріп барып, тасқа сүрініп қалған. Нәтижесінде бала құлап, басы мен бетіне жарақат келген. Сонымен қатар жамбас сүйегінің сынған", – дейді Отырар аудандық адами даму бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.
Зардап шеккен баланың анасы Ажар Пернебек тәрбиешілер әлдене жасырып тұр деп есептейді. Оқиға таңертең болған, ата-анаға түске дейін оқиға туралы хабарланбаған.
"Балабақшада балам көліктен шыққанда құлап кетті деп өтірік айтып отыр. Олар мені мазақ етіп тұр. Жүргізуші кездесуге келмейді, сұрақтарға жауап бермейді. Маған балабақша директоры келіп, қанша ақша керек екенін сұрап, арыз жазбауымды өтінді. “Жассың ғой, әлі бала туып аласың, арыз жазба” деді. Мен жыл сайын, ай сайын бала туатын мысық немесе итпін бе? Мен бәрібір арыз жазамын, кінәлілерді жазалауды талап етемін", – деді баланың анасы Ажар Пернебек.
Жеңіл автокөлік жүргізушісіне қатысты тергеу басталды. Баланың ауыр жарақатына не себеп болды, салдары анықталады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
