Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әйелін жындыханаға скотчпен байлап апарған ер адам 9 жылға сотталды

Түркістан облысында әйелін жындыханаға күштеп жатқызған азаматқа 9 жылға сотталдыФото: Видеодан скрин

Түркістан облысында өз әйелінің аяқ-қолын матап жындыханаға жатқызған ер адамға сот үкімі шықты. 18 жыл отасқан жан-жарын психикалық диспансерге қинап алып барған Ділмұрад Ибрагимов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оған көмектескен достары сыбайлас деп танылып, 8 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айыптау орнында отырған үшеуі осыдан екі жыл бұрын 35 жастағы әйелді үйінде қамсыз жатқан жерінен, қол-аяғын матап психикалық диспансерге алып келген. Түркістаннан Шымкентке дейін аузы мен аяқ-қолы байланып келген Дияра Ибрагимова сотталушылардың бірінің әйелі. Үйде болған жанжалдан соң отағасы жан-жарын осылай жазаламақ болған екен.

“Қылмыстық құқықбұзушылықтарды жиынтығымен онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті оған 9 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын. Ибрагимовке қолданылған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол дереу сот залынан қамауға алынсын”, – деді Түркістан қаласы ауданаралық сотының судьясы Санжар Қойшыманов.

Түркістан облысында әйелін жындыханаға күштеп жатқызған азаматқа 9 жылға сотталды

Фото: Видеодан скрин

Әйелін тәртіпке салмақ болған төрт баланың әкесі мен оның достарына прокурор 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған екен. Адам ұрлап, оны мәжбүрлеп психикалық диспансерге жатқызған Дияраның күйеуі 9 жылға сотталса, досына көмектесемін деп басы бәлеге қалған екеуі енді 8 жылын түрмеде өткізеді. Үкіммен келіскен келіншек енді орталық дәрігерлерін сотқа беремін деп отыр.

Түркістан облысында әйелін жындыханаға күштеп жатқызған азаматқа 9 жылға сотталдыФото: Stan.kz

“Мен дәріні ішпеймін” деп бас тартқан кезде мәжбүрлеп, “қазір байлап қойып ішкіземіз” деді. Содан мен ішкен сияқты болып, дәріні тығып қалып, аман-сау қалдым. Егер дәріні ішкенде ол жерден шықпас едім. Алдағы уақытта психдиспансердегі дәрігерлер міндетті түрде дәл осы сотталушылар сияқты заң жүзінде жазаға тартылуға тиіс деп санаймын”, – деді жәбіреленуші Диара Ибрагимова. 



Айта кетейік сотталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Кәмелет жасына толмаған перзенттері қазір Дияраның қарауында. Сот жәбірленушіге моральдық өтем ретінде 11 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Бұған дейін қазақстандық жалғызбасты ана әскерге барған ұлын жындыханаға жатқызып тастағанын айтқан еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 10:32