Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында атышулы қаруды ұрлау ісі бойынша күдіктілер саны 8-ге жетті

Шымкентте әскери бөлімнен қаруды ұрлау ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Жарты жыл бұрын келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Түркістан облысынан қашып кетіп, өзімен бірге бүтін бір арсеналды алып кетті. 25 жастағы қашқын Абылай Балғынбай 29 Калашников автоматын және Макаров тапаншасын ұрлаған. Қазнетте оны бірден қазақстандық Рэмбо деп атады.

Көбі жас сержанттың бір өзі осыншама қаруды алып кетуге тырысқанына таң қалды. Алайда, кейінірек, қашқынға төрт дос көмектескені белгілі болды. Олар бірнеше апта бойы қоймадан мылтықтар мен тапаншаларды алып кеткені анықталды. Не үшін мұндай әрекетке барғандарын енді олар сотта айтады.

Сотталушы орындығында жалпы 8 адам отыр. Қашқын мен оның жолдастарынан басқа, тағы төрт әскери қызметші бұл іске қатысты жазаланады. Олардың арасында дивизион командирі де бар. Ол немқұрайлылық пен әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін сотталады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Тамыз, 2020 08:27
Талқылау