Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында аңға шығып, із-түзсіз жоғалған мұғалімнің денесі табылды

Түркістан облысында 10 шақты күн бұрын жоғалған мектеп мұғалімінің денесі табылды. Ол аңға кеткеннен кері үйіне оралмаған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ҚР ІІМ Баспасөз қызметі
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасында жазылды. Дерекке сүйенсек, дене шынықтыру пәні мұғалімін құтқарушылар мен полиция, еріктілерден құралған 100-ге жуық адам 24 ақпаннан бері іздеген. Араға 10 күн салып тұрғынның денесі табылды. 

“Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне қылмыстық кодекстің 1-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, –  делінген полиция ақпаратында. 

Еске салайық, Stan.kz бұған дейін Түркістан облысында досымен аңға шығып, із-түзсіз жоғалған Нұрлан Аймаханов туралы жазды. Ол кезде мектеп мұғалімінің әкесі құтқарушылардың іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан еді.

Олжас Нұржақып
Дүйсенбі, 06 Наурыз, 2023 14:36
Талқылау