Түркістан облысында әкімдер мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз таратып келген
Фото: istockphoto.com
Түркістан облысында әкімдіктер мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз таратып, мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметінше, соңғы 3 жыл ішінде облыс көлемінде әкімдіктер құны 1,8 миллиард теңге болатын 6 мың гектардан астам 190 жер учаскесін заңсыз үлестірген.
Болат Назарбаевтың Қапшағай жағасындағы жер телімін заңсыз иеленгені анықталды
“Әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды. Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған”, – делінген хабарламада.
Прокуратура осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырма беріп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерін жауапкершілігін тарту жөнінде ескерту жасады.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
