Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 6 адамдық отбасы коронавирус жұқтырды

Түркістан облысында тағы бір отбасы тұтастай коронавирус жұқтырғаны анықталды. Індетке тап болғандардың ің кішісінің жасы 10-да, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронаврус

"Коронавирус инфекциясын бір отбасының 1965, 1987, 1989, 1998, 2004 және 2010 жылғы мүшелерінің жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы Арыс қаласының Наурыз ықшам ауданының тұрғындары", - делінген ресми хабарламада. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, қазір Түркістан облысында 43 адам індетке тап болғаны тіркелген. Олардың 14-і Жетісай ауданында, 5-і Кентауда, 14-і Арыста, 4-і Мақтаарал ауданында, 2-і Ордабасы ауданында, 2-і Сайрам ауданында, 1- Сарыағаш ауданында және тағы біреуі Бәйдібек ауданында анықталған. 

Ауруды жаңадан жұқтырғандардың қатарында бұрын тіркелген науқаспен байланыста болған 1987 жылғы Мыңбұлақ ауылының тұрғыны да бар.

Қазір сырқаттанғандардың барлығы станционарға оқшауландырып, ем қабылдауда. Олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 

 

 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2020 10:42
Талқылау