Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит түн ортасында үріп, өз иесін өлім аузынан құтқарып қалды

ит өз иесін ажалдан аман алып қалдыФото: British Heart Foundation

Солтүстік Ирландияның Баллинамаллард ауылында бүтін бір отбасының тағдырын өзгерткен тосын оқиға болды. Түн ортасында төрт жастағы Полли атты ит әдеттегіден тыс қатты үре бастайды. Иттің қыңсылағанынан оянған Ханна жанында жатқан жары Куктың тыныс алуы қиындап, бірнеше секундтан кейін мүлде тоқтап қалғанын байқайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ханна – әлеуметтік қызметкер. Бұған дейін ол күтуші болып жұмыс істегендіктен,  адамның өлім алдындағы тынысы қандай болатынын жақсы біледі.  Жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін бір сәтте түсінген ол, ес-түссіз жатқан жанындағы жарына дереу жүрек массажын жасап, қолдан тыныс алдыруға кіріседі. Жедел жәрдем келгенше тоқтамай жасаған әрекеті Куктың  өмірін сақтауда шешуші рөл атқарды.

Адам жүгіргенді жақсы көретін, алайда жүрегі тоқтаған кезде оның жасы тек 37-де ғана болған. Дәрігерлер оған дилатациялық кардиомиопатия диагнозын қойып, имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор (ИКД) орнатты. Құрылғы жүрек ырғағын электрлік импульспен қалпына келтіреді.

Бірнеше апта ауруханада қалпына келгеннен кейін Адам мен Полли қайтадан бірге болды. Кук есін тек 6 күннен кейін ғана жиған.
Ауруханадағы тексеріс оның бұған дейін байқалмаған дилатациялық кардиомиопатияға шалдыққанын анықтады. Диагноз жүректің әлсіреп, қан айналымының төмендеуіне әкелді делінген. Дәрігерлер оған жүрек ырғағын бақылайтын арнайы құрылғы орнатқаннан кейін ғана жағдайы тұрақталған.

Кук есін жиып, болған оқиғаны естігенде, оны ең қатты таңдандырғаны Поллидің реакциясы болды. Ит өз үй иесінің жағдайы нашарлай бастағанын сезгендей, оның жүрегі тоқтаған сәтте әдеттегіден тыс қатты үре бастаған. 

Ханнаның айтуынша, Полли оятпағанда, жарының тынысының тоқтағанын дер кезінде байқау мүмкін емес еді. Ал жүрек тоқтағаннан кейінгі алғашқы секундтар адам өмірі үшін аса маңызды болды.

Ауруханадан шыққан күні Полли Кукты көріп ерекше қуанған. Ер адам Поллиді отбасының мүшесі деп есептейді, сондықтан оның мұндай қысылтаяң сәтте ерекше рөл атқарғанына таңғалмағанын айтты. Ол жасырмай, сол сәтте жылағанын, көзінен жас аққанын, иті Поллиде де солай болған шығар деп еске алды.

Адам әйелін және Поллиді "Heart Hero" сыйлығына ұсынды. Іс-шараны британиялық жүрек қоры (British Heart Foundation) жыл сайын ұйымдастырады. Полли Лондонға бара алмағандықтан, марапатты иттің жиі серуіндейтін торабында берілді.

Осы ретте British Heart Foundation өкілі Фергал МакКинни бұл отбасының мысалы басқа адамдарды жүрек-өкпе реанимациясын үйренуге ынталандырады деп үміттенеді. 

Мәліметтерге сенсек, Ұлыбританияда жыл сайын ауруханадан тыс жүрек тоқтау жағдайлары 40 мыңға жетеді, бірақ оның тек оннан бірі ғана аман қалады. Әр минут өткен сайын тірі қалу мүмкіндігі 10% төмендейді, сондықтан көмек көрсетуге дайын адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп өмірді сақтауға болады.

Ер адам өзін аман алып қалған әйеліне және иті Поллиге борыштар екенін айтты. Иттердің мінез-құлқын зерттейтін маман Луиза Глэйзбрук адамдар үйіндегі жануарлардың қабілетін төмен бағалайтынын айтады. Иттер үнемі адам сезбейтін немесе түсінбейтін сигналдарды қабылдайды. Иттердің шамамен 220 миллион иіс сезу рецепторы бар, ал адамдарда тек 5 миллион ғана. Сондықтан иттерді ауруларды анықтау сияқты үйрететін бағдарламалар бар. 


"Сиыр құшақтау трендке айналды": АҚШ-та шаруа қожалығының иелері адамдарға жаңа қызмет түрін ұсынып жатыр


Құлаққап тағып алған: Түркияда күзетші әйелді трамвайдың астына түсуден құтқарып қалды (видео)


Еске салайық, бұған дейін Таиландтың Бурирам провинциясында тұратын 38 жастағы Сутия ұлын ұрламақ болған қаскөйлердің соңынан мотоциклмен қуып, оны құтқарып қалды. Сутияның 19 жастағы ұлында аутизм спектрі бұзылысы бар, бірақ ол өз бетінше өмір сүріп, мобильді телефондар мен басқа да электрониканы жөндеуді жақсы меңгерген. Бір күні оған айына 20 мың бат (шамамен 50 мың теңге) жалақы төлейтін жұмыс ұсынылғаны туралы хабар келеді. Анасы бірден күдіктеніп, ұлын бұл ұсыныстан бас тартуға көндіреді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 17:55