Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түн ортасында шаңсорғыш қосып, үй жинасаңыз айыппұл арқалайсыз

шаңсорғыш қоссаңыз айыппұл төлейсіз

Фото: Ru.freepik.com

Түнде үй жинаймын деп шаңсорғыш қосып, көршілерінің мазасын алғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері кешкі 22:00-ден бастап таңғы 9-ға дейін тұрғындар тыныштық сақтауы керек. Ал демалыс күндері 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін шу көтеруге болмайды. Тіпті шаңсорғыш пен кір жуғыш машина қосып, шаш кептіргіш құрал қолдансаңыз да әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз.

Көршілеріңіз үстініңізден арыз жазса, 20 мың теңге айыппұл төлейсіз. Жағдай қайталанса, сома 39 мың теңгеге өседі. Ал заңды тұлғалар бірінші рет 118 мың теңге төлесе, екінші рет 785 мың теңгесін санап береді.

Айым Болатқызы
Жұма, 08 Тамыз, 2025 09:09
Талқылау
`