"Бауырыңның үйіне бара алмайсың": Досымжан Таңатаров отбасылық мәселені көтерді
Танымал әнші Досымжан Таңатаров бүгінде туған-туыстың арасы ажырап кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі жастық шағынан сыр шертіп, сол кезді сағынатынын да жасырмады.
"Біз бұрын басқа уақытта тәрбиелендік, туыстарымыздың үйіне емін-еркін бара алатынбыз. Қазір ешкім ешкімге беймезгіл, бей уақытта бара алмайды. Барса хабарласып, алдын ала айтады. Біздің кезде телефон да жоқ, үйіне барып алып, үйінде жоқ болып қалып, есігінің алдында отыра беретінбіз. Түннің бір жарымында құда бола ма, басқа бола ма, бір көрген адамның үйіне кіре беретінбіз. Олар оны кәдімгідей қабылдайтын, олар сосын жоқты да, барды да қабылдай беретін. Сын көзбен қарамайтын, оны біз де қабылдай беретінбіз, осындай екен болды дегендей. Солармен бірге аштықты-тоқтықты көріп, бар нәрсені жеп дегендей. Қазір бөтен түгілі өзіңнің туысыңның өзі "біз келе жатырмыз, бола ма, болмай ма" деп ескертеді. Ол болмайды десе ренжуге хақың жоқ. Сондықтан ұл-қыздарымыз басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр", – деді әнші.
-
"Сыпырғыш, оқтаумен ұратын": Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алды
-
"Әкеміз тәрбиемізбен айналысқан жоқ": Досымжан Таңатаровтың қызы алғаш рет сұхбат берді
Еске салайық, эстрада жұлдызының көп әйел алуды заң жүзінде қабылдау керегін айтып, қызу талқыға түскен еді.
“Қазақ әйелдері ұлан-байтақ жерімізде 20 миллион халықты көбейтудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Елімізде екінші әйелді алып, заңдастыра алмай жүрген жігіттер қанша?! Менің бұл ойыма бүкіл әйелдің қарсы болатыны белгілі. Он мың әйелдің бірі ғана келісуі мүмкін және ол – заңдылық. Адам өзі жақсы көретін жарын өзгеге қия алмайды ғой”, – деген еді өнер иесі.