AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстарын қызметке қою Елбасының көптеген еңбектерін жоққа шығарды - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыз күнгі Жолдауында айтылған мәселелерге талдау жасады. Ол Тоқаевтың әр шешімінің астарында не бар екенін айтты. Бұл туралы Саиров Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің жақын туыстарына биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салды. Бұл бұрынғы басшыға жасалған ескерту ме деген сауалға депутат: 

"Ол – ескерту емес, нақты факт. Көбінің ызасын туғызатын нәрсе, сол кісінің (авт. – Нұрсұлтан Назарбаев) туыстары көбейіп кетті. Квазимемлекеттік секторда, мемлекеттік жүйеде болсын... Осы факт ол кісінің көптеген еңбектерін жоққа шығаруға алып келді", –  дейді Саиров.

Депутаттың айтуынша, осы жылдар ішінде Елбасының сіңірген еңбегі баршылық.

"Бірінші президенттің халықтың алдында еңбегі бар. Ол шекараны шегендеп берді, бүгінгі таңда астанамыз бар. Қазақстанның алғашқы жылдарында экономиканы қалыптастыруға да септігі тиді. 

Одан кейін өздеріңіз де біліп отырсыздар, оны бүкіл халық айтады, жасыратын түгі де жоқ. Осындай субъективті факторлардың болмауы үшін бұл нақты қадам", – дейді Саиров.



Сонымен қатар Тоқаев суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты. Енді елімізде президенттік-парламенттік басқару жүйесі орнайды. Президенттің шексіз биліктен бас тартуының себебі неде?

"30 жыл өтті. Бастапқы кезде, шекара дайын болмай, мемлекеттік институттар құрылмай тұрған кезде суперпрезиденттік мемлекет қажет болған шығар.

Бірақ 2005 жылдан бастап ол жүйе өз күшін жоғалтып алды. 15 жылдың ішінде мұнайдан қаншама ақша түсті. Олардың бәрі қайда кетті?
ЭКСПО-ны, қайдағы бір конференцияларды өткіздік. Ал қазір ашығын айтсақ, ауылдарда жол, жарық, мектеп жоқ. Қаншама проблемалар бар. 
Шекаралық аудандардың проблемасын шешу үшін 500 млн доллар жеткілікті шығар. Біз ондаған млрд долларды қайда лақтырғанымыз қазір белгісіз болып отыр. 

Проблема сол күйі қалып қалды. Жергілікті жердің халқы өзінің проблемасын жақсы біледі және өзі шешуі керек. Ол үшін оларды қаржымен қамтамасыз ету керек. 

Суперпрезиденттік жүйеден президенттік-парламенттік жүйеге өту біздің елде әрбір институттың дамытып, сол институттың халық алдындағы жауапкершілігін арттырады", – деп түсіндірді Саиров.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр