Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуы тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады", – деді президент.
Сонымен қатар, президент мемлекет басшысының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерінің күшін жоюға немесе қолданылуын тоқтата тұруға құқығы барын айтты.
"Бұл норма "қолмен басқарудың" артық тәжірибесін орнықтыруға ықпал етеді және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін төмендетеді. Сонымен қатар, қазір президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін қызметінен алып тастауға құқылы. Мұндай заңнамалық ережелерді жою қажет", – деді Тоқаев.
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды