"Туыс-туған, достарды шақырмаңыздар". Денсаулық сақтау министрлігі Жаңа жылды қалай қарсы алу керектігін айтты
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоронов қазақстандықтарға жаңа жылды тойлауға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Құрметті қазақстандықтар. Вируспен күресуді үйренгенімізге, алдын алу шараларын білуімізге қарамастан, вирус таралымы жалғасуда. Коронавирустық инфекцияның жергілікті өршуі көбінесе жабық үй-жайларда көптеген адамдардың ұзақ уақыт болуына байланысты үлкен іс-шаралардың салдары болып табылады", - деді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ұзақ уақытқа созылатын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында вице-министр коронавирусқа қарсы шараларды сақтауды сұрады:
- аадамдар көп жиналатын жерге бармау
- ұжымдық іс-шараларға мармау, корпоративтік кештер ұйымдастырмау
- суық тиіп қалатындай жағдайды болдырмау
- қатерлік топтарға кіретін адамдарға қауіп тудырмау
"Жаңа жыл - отбасылық мейрам. Оны туыстар мен достар, таныстарды шақырмай, жақындарыңыз бен тұрып жатқан адамдарыңыздың жанында атап өтуге шақырамын", - деді ол.
Құрметті қазақстандықтар, тағы да сіздердің назарларыңызды пандемия әлі жалғасып жатқанына, вирус жеңілмегеніне аударғым келеді, сондықтан әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға жұқтырмау үшін барлығын жасап, міндетті түрде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтауы қажет", - деп толықтырды Шоранов.
Оның айтуынша, тұрғындар алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның бақылаусыз өсуіне әкелмеуі керек. "Бұл біздің мінез - құлқымызға және алдын алу шараларын ұстануымызға тікелей байланысты", - деп қорытындылады бірінші вице-министр.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
