Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туған анамды қаңғытып жібердім": Әйелі дуалап тастаған Алматылық азамат жанайқайымен бөлісті

50 жастағы Алматылық Нұрғали Құдиярұлы 50/50 бағдарламасында өз әйелінің қара дауамен айналысып, отбасының күл-талқанын шығарғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

Алматылық тұрғын соңғы кезде өмірде жолы болмай жүргенін байқап, әйелі екеуі кеңес сұрап молдаға барған. Алайда дін қызметкері келеңсіз жағдайлардың себебін өз әйелінің жасаған дуалардың нәтижесі деп түсіндірді. Имамның бұл жауабы Нұрғалидің жағасын ұстатты. Айтуынша, 20 жыл отасқан әйелінің дуамен байланысы барын білмеген. Жарының ақылға сыймайтын әрекеттерін ажырасар алдында байқаған. Әйелі өзін дуалап, оқытылған киімдер кигізіп, туған-туыстарымен байланысын байланысын үзуге себеп болған.

"Мен туған анамды бес жасар баламен далаға қуып шыққанмын. Қайда барасыңдар деп сұраған да жоқпын. Сөмкелерін алып аялдамаға апарып тастадым. Бауырларым, әпкелерім жанымда отырғанына қарамастан мені басқа бөлмеге қуып жебереді. Ал мен оның айтқанынан шыға алмадым. Ағайындарыммен араласудан қалдым. Үйге қонақ келмейді. Туған аға-әпкелерім, інілерім Алматыға келсе де үйге келмейді. Ажырасардың алдында мені түбегейлі өлтірмек болып, дуалаған. Үйдің маңынан қойдың басын, инелерді тауып алдым. Кейін үйде отырып белгісіз мақұлықтарды көре бастадым. Қорыққанымнан сүре тыңдаймын. Оның мені өлтірмек болғандағы мақсаты - үйімді тартып алып, сонда отырмақшы", -дейді Нұрғали Құдиярұлы. 

Нұрғали Құдиярұлы

Алайда күйеуін дуалады деп айыпталған Гүлжан есімді келіншектің өз шындығы бар.

"Мен шаршаған адаммын. Жеті ай төсекте жаттым. Қазір оның атын естісем дірілдейтін жағдайға жеттім. Одан көрмеген қорлығым жоқ. Мен алқаш болсам бала-шағаммен осылай жүрмеймін ғой. Мен дуаласам, үйімді көрдіңдер, сондай жерден кетем бе, мен оны неге есек қылып мініп алмаймын? Мен өз басым дуа дегенге сенбеймін. Жаман әйел болсам, үш балам міне. Күйеуім мені алғаннан анаша шегеді. Бұл туралы көршілері де, туыстары да біледі", - дейді келіншек. 

Нұрғали баласының атындағы үйді екіге бөліп, үш баланың бірін өзіне алу үшін бағдарламадан көмек сұрап келгенін айтты. 

Болған жағдайға қатысты Нұрғали Құдиярұлының анасы да өз пікірін білдірді.

“Келінім бір күні мені түнде оятып алып, көпірге апарды. “Не істеп жатырсың?” деп сұрап едім келінім: “Үйге көз тимесін деп дұға жасап жатырмын. Балаңыз қаңғырып кетеді” деді. Майшам жағып, ол жанып біткенше күттік, кейін ақ маталарды алып суға ағызып жіберді. Майшамдарының түсі де қызыл екен. Айтуынша Израильден келген, оны шіркеуден алатынын айтты. Содан кейін Сарыағашқа бір ішкиім, майка мен бір дана шәйді ұлымнын жұмысқа кететінін біліп, заттарды Алтын Ордаға апарып, беріп жіберді. Менің үйімді сатып жіберіп, “мен сені бағып жатырмын, қарап жатырмын”, асырап жатырмын” деген сылтаумен ақшасын ұстатқан жоқ”, – дейді Күлшәри Көшербаева. 

Кейіпкердің анасы баласының үйден өзі қуып жібергенін растады.

Нұрғали Құдиярұлының әйелі мен анасы

“Әйелім дуалап тастады” деп 20 жыл отасқан жарын айыптаған азаматтың сөзін көршілері де қоштады.

“Нұрғалмен көрші болғанымызға 15 жыл болды. Мінезі жақсы, сабырлы. Гүлжанның мінезі нашарлау. Балаларын әкесіне қарсы қойды. Жанжалдасып жатқандарын естисің. Дуалағаны туралы да білдік”, “ Күлшәри Көшербаева деген кісі баласымен тұрады. Келінімен тұрмайды. Келінінің мінезі бар. Осыдан екі жыл бұрын кездескен кезде қатты жанжалдасқан. Мінезін көрсетіп,  дәрігермен сөзге келген еді. Енесімен дұрыс қарым-қатынаста емес екенін көрдік”, – деп пікір білдірді көршілер. 

Бағдарлама басты сұрақтың жауабын табу мақсатында Әзірбайжанның экстрасенсі мен қазақстандық медиум, экстрасенс те ат салысып, көмектесуге тырысты. Олардың айтуынша, ешқандай дуа жоқ, басты кейіпкердің бойында сиқырдың да ізі көрінбейтінін айтты. Әйелінің тарапынан ішімдіктен арылтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатып, күйеуін дұрыс жолға салу мақсатында белгілі бір жұмыс жасалғанын жасырмады. 

Бағдарлама соңында сарапшылар өз өмірі үшін алаңдап келген кейіпкерге жан-жақты көмек көрсетуге уәде етті. 

Талқылау