Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трампты Ақ үйде коронавирустан қалай қорғайды

Ақ үйдің екі қызметкері коронавирус жұқтырғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі сақтық шараларын күшейтті. Енді Америка президентімен байланысқа шығатын кез-келген адам COVID-19-ға алдын-ала теріс нәтиже алуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Трамп

Америка көшбасшысының аға экономикалық кеңесшісі Кевин Хассеттің айтуынша, Ақ үйдің батыс қанатында жұмыс істеу қазіргі таңда қауіпті болып тұр. Өйткені бұған дейін АҚШ вице-президентінің баспасөз хатшысы және аға саяси кеңесші Стивен Миллердің әйелі Кэти Миллер коронавирус жұқтырғанын атап өтті.

"Қазір Ақ үйде президенті пен вице-президенттің денсаулығын сақтау үшін қатаң шаралар қабылданды. Енді Майк Пенс пен Дональд Трамп күн сайын коронавирусқа сынақ тапсыратын болады. Сонымен қатар, президентпен байланыста болған кез-келген адам алдын-ала сынақ тапсыруы керек", - деді Хассет.

Трамптың кеңесшісі бұл жағдай тек Ақ үй үшін ғана емес, "барлығына қиын уақыт" екенін атап өтті.

Дональд Трамптың жеке қызметшілерінің бірінде және Майк Пенстің өкілінде коронавирус оң нәтижесі анықталды, деп хабарлайды Reuters. БАҚ-тың хабарлауынша, Трамп пен вице-президент Майк Пенс коронавирусқа тексерілген және теріс нәтиже алған.

Бұған дейін бірқатар шетелдік БАҚ АҚШ президентінің қызы Иванка Трамптың жеке көмекшісінен коронивирус расталғанын хабарлаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр