Трамп Путин және Зеленскиймен 22 тамызда кездесуге ниетті
Фото: Эндрю Кабальеро-Рейнольдс/AFP via Getty
АҚШ президенті Дональд Трамп 22 тамызда Ресей және Украинамен үшжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Axios порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп мұны Ресей президентімен кездесуден кейін еуропалық көшбасшылармен әңгімелесу барысында айтты.
Әңгімелесуге Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысты.
Бұл ретте Трамп дүйсенбіде Украина президентімен кездесу сәтті өткен жағдайда ғана Путинмен және Зеленскиймен келіссөздерге дайындала бастайды. Еуропалық шенеуніктер келіссөздерге ЕО-ның кем дегенде бір басшысы қатысады деген үмітте.
Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путинніңкездесуі өткен еді. Келіссөздер бірнеше сағатқа созылды.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
