Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Путин мен Си Цзиньпинге Мәскеу мен Бейжіңді бомбалап тастайтынын айтып сес көрсеткен – БАҚ

Путин, Трамп, Си Цинь ПинФото: edition.cnn.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылы қаражат жинауға арналған жабық шаралардың бірінде Ресей Украинаға басып кірсе, Мәскеуге соққы жасайтынын айтып, Владимир Путинге сес көрсеткенін мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым шараға қатысқандардан алынған аудиожазбаны жариялады.

"Мен Путинге "Егер сен Украинаға шабуыл жасасаң, Мәскеуді жоқ қыламын. Айтып тұрмын, менің таңдауым жоқ" дедім", – деген Трамп.

Оның айтуынша, Путин бұл сөзге онша сенбеген, тек "он пайыздай ғана" сенім білдірген. Сол жиында Трамп осындай ескерту Қытай төрағасы Си Цзиньпинге де жасалғанын айтқан. Яғни егер Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, АҚШ Бейжіңге соққы береді деп ескерткен.

“Оларға, егер сендер басып кірсеңдер, Бейжіңді жарып жібереміз дедім. Ол мені есі ауысқан шығар деп ойлады. Бірақ бізде ешқандай проблема болмады”, – деген Трамп.

Бұл мәлімдемелер Трамптың екінші мерзімге президент болу науқаны аясында, 2024 жылы Нью-Йорк пен Флоридада өткен қаражат жинау шараларында жазылған. Ол кезде Трамп халықаралық саясаттағы қатқыл риторикасы мен "тәртіп орнатамын" деген уәдесіне сүйеніп жүрген. Сонымен қатар Трамп үкіметке қарсы шерулерге қатысқан барлық студентті, әсіресе, Палестинаны қолдайтындарды елден шығаратынын айтқан. Бұдан бөлек, әлеуметтік жәрдемақы алатындар үнемі демократтарға дауыс береді деп сол жиынға келген еврей демеушілерге өз таныстарын республикашылдарға дауыс беруге көндіруге шақырған.

“Бір кешкі ас кезінде Трамп "Маған түскі ас үшін миллион доллар ұсынып еді. Мен одан 25 миллион алдым. Себебі сұрауға батылдық керек”, – деп мақтанған.

Трамптың сайлау штабы бұл жазбаларға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. 2024 жылғы 8 шілдеге қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп түрлі елдерден әкелінетін тауарларға салынатын баж салығының көлемін жариялай бастаған соң, көптеген мемлекет Вашингтонмен өздеріне тиімдірек сауда келісіміне қол жеткізу үшін келіссөзді жалғастыратынын мәлімдеді.


Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25% баж салығы енгізіледі: Трамп Тоқаевқа ресми хат жолдады


Трамп Ресей мен Украинадағы соғысты тоқтата алатынына сенімді емес


Еске салайық, бұған дейін Трамп БРИКС-ті қолдайтын елдерге қосымша тариф енгізетінін айтып сес көрсеткенін жаздық. Трамп БРИКС-тің "антиамерикалық саясатына" қосылған елдерге 10% қосымша сауда тарифі салынатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Бразилияда өткен саммиттен кейін жасалды. Бастапқы мүшелері ретінде Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР кірді. Ал 2024 жылы қосылғандардың қатарында Иран, Египет, Эфиопия, БАӘ, Индонезия бар.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 12:36
Талқылау