Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: Екі ел басшысы не талқылағаны белгілі болды

Фото: Fotolia / KLimAx Foto

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Трамп Путинмен Ресей аэродромдарына жасалған шабуылдарды талқылады.

"Мен Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп болдым. Әңгіме шамамен бір сағат он бес минутқа созылды. Біз украиналықтардың аэродромдардағы ресейлік ұшақтарға жасаған шабуылын, сондай-ақ екі жақтың басқа да шабуылдарын талқыладық. Бұл жақсы әңгіме болды, бірақ бірден бейбітшілікке әкелетін талқы емес", – деді ол.

Трамп Путиннің "аэродромдарға жасалған шабуылға жауап беруге мәжбүр болатынын айтты.

Сондай-ақ АҚШ президенті Путинмен Иран мәселесін және "Иранның ядролық қаруға қатысты шешім" фактісін талқылағанын айтты.

"Мен Путинге Иранның ядролық қаруы болмауы керек екенін айттым және біз бұл туралы бірауыздан қабылдадым деп ойладым. Президент Путин Иранмен келіссөздерге қатысуды ұсынды және шешімге қол жеткізуге көмектесуге дайын екенін білдірді", – деді Америка президенті.

Бұл – жыл басынан бергі төртінші әңгіме. 

Еске салсақ, осыған дейін Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өткенін жазғанбыз.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 08:49
Талқылау