Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп өзіне қастандық жасамақ болғандар туралы барлық ақпаратты беруді бұйырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Құпия қызметтен өзіне қастандық жасамақ болған екі адам туралы "барлық ақпаратты" беруді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Brandon Bell

Ол екі кісі өлтірушінің кім екенін білгісі келетінін айтты. 

"Осы екі кісі өлтіруші кім екенін білгім келеді... Неліктен олардың бірінде алты ұялы телефон, екіншісінде қосымшалар болған?", – деді ол.

Оның айтуынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің кесірінен құпия агенттік ақпаратты бермей отыр. 

"Менің білуге ​​құқым бар. Олар мұны ұзақ уақыт бойы жасырып келді. Еш ақтауға болмайды", – деді ол.

Айта кетейік, Трампқа ең алғашқы қастандық 14 шілдеде болған ежі. Пенсильванияда кандидаттың сөз сөйлеуі кезінде белгісіз қарулы адам оқ жаудырды. Ол құлағынан жараланып, митингте бір қатысушы мен оқ атқан адам қаза тапты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеу барысында ФБР өкілдері атқыштың телефонынан Бельгия, Жаңа Зеландия және Германияда орналасқан платформаларда шифрланған хабар алмасу аккаунттарын тапқан.

12 қыркүйекте Трамп Флоридадағы гольф клубынан шығып келе жатқан кезде оның жанында оқ атылды.

Кейінірек полиция, клуб маңында лагерь құрып, президенттікке кандидатты күтіп тұрған күдікті қамауға алынды. БАҚ күдіктінің көлігінен алты ұялы телефон табылғанын хабарлады.

Талқылау