Трамп Барак Обаманы 2016 жылғы сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады
Фото: msn.com/nytimes.com коллаж
Дональд Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы 2016 жылғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Truth Social парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп Fox News телеарнасындағы журналист Харрисон Филдстің сөзін оң бағалады. Бұл журналист тікелей эфирде Обаманың сайлауды бұрмалауға қатысты әрекеттерін әшкерелеген болатын.
“Fox News арнасындағы жас әрі дарынды Харрисон Филдс өте жақсы жұмыс істеді. Сондай-ақ сарапшылар тобы Обама мен сайлау алаяқтығына қатысты әшкереленген адамдарды сотқа тарту туралы ұсынысымен ерекше көзге түсті”, – деп жазды Трамп.
АҚШ президенті сондай-ақ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбардты атқарған жұмысы үшін мақтады.
"Бүгін жариялап отырған мәліметіміз 2016 жылы мемлекетіміздің ең жоғары деңгейіндегі шенеуніктер тарапынан сатқындықпен жасалған астыртын жоспардың болғанын анық көрсетеді. Бұл адамдардың мақсаты – Америка халықының еркін әлсірету және сайлауда жеңіске жеткен президентке халық сеніп тапсырған міндетін орындауға мүмкіндік бермей, ұзақ жылдарға созылған саяси төңкеріс ұйымдастыру болған. Қандай лауазымда немесе билік деңгейінде болса да, осы қастандыққа қатысы бар әр адам тергеліп, заң аясында қатаң жазалануы керек. Сонда ғана мұндай жағдай қайталанбайды", – деді Тулси Габбард.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
