Toyota Camry 80-нің "қара түсті" спорт нұсқасы таныстырылды
Фото: Toyota
Жапониялық бизнес-седан Toyota Camry XV80 2026 жылғы модельдік легін дайындады. Енді Camry-де қара түсті спорт нұсқа бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Nightshade Edition деп аталатын жаңа нұсқа сексендік Camry-дегі бесінші жабдықтама болмақ. Негізгі айырмашылығы 19-дюймдегі антрацитті дисктер, қара түсті логотип пен декор элементтері, зауыттан қойылған антихром мен шектеулі түс гаммасы (ақ, қара және қызық түсте ғана).
Фото: Toyota
Ал Toyota Camry Nightshade-тің стандартты жабдықтамасына тұрақтылықты қамтамасыз ететін спортық аспа, педальдағы алюминнен жасалған қаптамалар, былғары руль және т.б. бар. Интерьерінде XSE жабдықтамасынан аса айырмашылығы жоқ.
Nightshade Edition нұсқасы алдыңғы және толық жетекті болады. Ал қозғалтқыш 2,5 литрлік атмосферлі мотор негізіндегі гибрид. Жетектегі айырмашылыққа қарай қуаты 228 және 235 ат күшіне тең болады.
Фото: Toyota
Әзірге аталған нұсқаның құны қанша болары белгісіз, себебі дилерлерге Nightshade Edition тек жазда жеткізіледі. Алайда құны шамамен 36 мың доллар шамасында болады деп топшылауға болады, себебі ең "бай" XSE жабдықтамасының құны 30 мың доллар төңірегінде.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
