"Ешқашан тойға шықпаймыз деп айтқан жоқпыз": Ninety One енді тойларда өнер көрсетпек
Ninety One тобы алдағы уақытта той бизнесін қолға алмақ. Продюсері Ерболат Беделханмен екі бөлек кеткен топ алдағы жоспарлары жайлы баяндайды.
Бұл туралы “Өзіміз ғой” бағдарламасында айтылды.
Бұған дейін Ninety One тобының тойға шықпайтыны хабарланған еді. Алайда топ мүшелері тойдан бас тартпайтынын айтты. Себебі той – қазақтың қазынасы.
“Біз ешқашан тойға бармаймыз деп айтқан жоқпыз. Продюсеріміздің не деп айтқанын білмейміз. Біз ол кезде шоу бизнес пен той бизнесті араластырған жоқпыз. Шоу-бизнеске көп көңіл бөлдік. Сол үшін бұл ұғым екіге бөлінгендей болды. Той – қазақтың мәдениеті. Оны бөліп қарауға болмайды. Бұған дейін шыққан жоқпыз. Енді тойларда өнер көрсетсек деген ойымыз бар. Бірақ ол үшін өзіміздің қоятын талабымыз бар. Егер сахна мен техникалық райдер болса, біз тойға баруға дайынбыз”, – дейді топ әншілері.
Айта кетейік, бұған дейін топтың негізін қалап, бірнеше жыл продюсерлік еткен Ерболат Беделхан мен топтың екі жаққа кететіні мәлім болды. Бұл жайлы Беделхан мен топ мүшелері жария етті. Мәселенің мән-жайын түсіндірді.
“Продюсерлік орталықтан кеткеніміз болмаса ештеңе де өзгерген жоқ, біз дәл осылай жұмысымызды жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін көптеген тәжірибе жинадық. Енді соны өз бетімізбен іске асыратын уақыт келді”, – деді топ мүшелері.
"Қазақстандық атақты актрисаға өлердей ғашық болдым": Әзілкеш Марат Достаев жеке өмірі туралы айтты