Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай министрлігі төрт ұшақ пен дрон сатып алуды жоспарлап отыр

Еліміздің Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов министрліктің төрт ұшақ сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ведомствода құтқару жұмыстарына арналған 31 тікұшақ бар.

“Бізде ұшақ болған емес. Ұшақтың жоқтығы су тасқыны кезіндегі құтқару жұмысы бәсеңдеуіне себеп болды. Бірақ қазір үлкен ұшақ алатындай мүмкіндік жоқ. Бізді лизингке жіберді, Чехиядан ұшақ сатып алуды жоспарлап отырмыз”, – дейді министрлік басшысы.

Шыңғыс Әрінов өз баяндамасында ведомствоның көпқабатты үйлердегі өртті сөндіруге арналған төрт ұшақ, жеті тікұшақ, екі өрт сөндіретін дрон және жедел жағдайды бақылау үшін 10 ұшқышсыз ұшатын аппарат сатып алуды жоспарлап отырғанын атап өтті.



Жыл соңына дейін министрлік 728 бірлік көлік пен 18 мыңнан астам техника мен құрал-жабдық сатып алмақ. Сондай-ақ техникалар аудандық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін бөлінеді.

Бұған дейін Астанада әскери тікұшақтар көбейіп, Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірген еді.

Талқылау