Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төсекке жатқан кезде": Келіншегі Қайрат Нұртасты қалай еркелетеді

Қайрат Нұртасты келіншегі қалай еркелететіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отбасылық коннект" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Төсекке жатқан кезде: Қайрат Нұртасты келіншегі қалай еркелетеді

Танымал жұлдызды жұп бір-бірін қалай еркелетінін айтып берді. Қайраттың келіншегі күйеуінің жатып алып жұмсайтынын, осылайша өзінің еркелігін білдіретінін жеткізді. Бұл шынайы сезім деп түсінеді Әбдікәрімова. 

"Енді төсекке жатып, ұйықтайын деп жатқан кезде су әкеліп берші, светті өшіре салшы, есік жабылды ма көріп кел деп айтады. Мұның барлығы шынайы еркелік қой. Ал менің қалай еркелейтінімді Қайрекеңнің өзі айтады", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Ал Қайрат Нұртастың өзі келіншегі еркелеген кезде ернін бұртитып шыға келеді деп, Жұлдыз Әбдікәрімованың түрін көрсетіп, күлкіге қарық қылды.

"Жұлдыздың еркелігі махаббати еркелік қой. Аузын бұртитып, былай еркелейді", - дейді Қайрат Нұртас.

Талқылау