Төртінші рет қызды болған Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты
50 жасында төртінші рет ана болған продюсер, актриса Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер осыдан 15 күн бұрын үшінші рет ана атанғанын сүйіншілеген еді. Төртінші қызына Алма деген есім де беріп үлгергенін айтты.
“Біз үйге шықтық. Тілектеріңіз үшін көп рақмет! Мен енді көпбалалы анамын және өте бақыттымын!", – деп жазды Баян Алагөзова.
Одан кейін өнер иесінің қызы да анасын құттықтап, сіңлісін қолына алды.
“Анасын перзентханадан шығарып алу әркімге бұйырмайды. Алмуша, біздің көңілді, ұйымшыл отбасымызға қош келдің!" – деп жазды ол анасын перзентханадан шығарған сәтінен фото жариялап.
Еске салайық, "Балаңа ат қоюды өзің шешуің керек" деп Баян Алагөзова қызының есіміне қатысты тың мәліметті бөліскен еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан