Торт дауы: 300 мың теңге төлеуге міндеттелген блогер Аселина Батыр кондитерге қарсы шағым түсірді

Фото: Threads.com/@akbergenova__nurshat
600 мың теңгелік торттың дауы басылмай тұр. Сотта жеңіп шыққан кондитер Нұршат Ақбергенова айыпталушыдан қарсы талап арыз алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кондитер Нұршат Ақбергенова атышулы тортқа қатысты дауға нүкте қойылды деп, арқасын кеңге жайған сәтте айыпталушы Аселина Батырдан қарсы талап арыз түскен.
“Жаңа арыз. Енді мен — жауапкермін. Талапкердің аты-жөні де сіздерді таңқалдырмайды деп ойлаймын. Егер бұл сотта бір дәрежедегі адамдар қатысса, бәрі басқаша болар ма еді. Бірақ, шүкір, мен дипломаттың әйелі емеспін. Мен — өз шындығын дәлелдей алған қарапайым кондитермін”, – деп жазды Нұршат.
Оның айтуынша, тортқа қатысты іс бойынша апелляция болады, ал жаңа талап арыз – мүлдем бөлек әңгіме. Енді Нұршат Ақбергенова үнсіз қалмайтынын айтты.
Еске сала кетейік, дау кондитер Нұршат Акбергенова мен блогер Аселина Батыр арасында шыққан. Нұршаттың айтуынша, тапсырыс беруші "ең үлкен және ең әдемі торт" жасауды сұраған, бірақ баға туралы нақты келіспеген. Десерттің өзіндік құны 350 мың теңге болса, жұмысшылардың еңбегін қосқанда жалпы сома 600 мың теңгеге жеткен. Кондитер торт әзірлеу кезінде 150 мың теңге алдын ала төлем сұраған, бірақ небәрі 100 мың теңге ғана алғанын айтады. Ал тапсырыс дайын болған соң Аселина Батыр қалған соманы төлеуден бас тартып, "баға шамамен 300 мың теңге болады деп ойладым" деген уәж айтқан. Бұл оқиға Қазақстанда ғана емес, шетелдік әлеуметтік желілерде де қызу талқыланды.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қалалық соты блогер Аселина Батырдың мәлімдемелеріне филологиялық сараптама тағайындаған еді. Блогерге 600 мың теңгеге торт жасаған кондитер одан 3 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті. Аселина Батырдың адвокаты торттың құны 150 мың теңге екенін айтты.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді