Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті Балқаш жағалауынан табылды

Балқашта 2021 жылдың қарашасында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті көл жағалауынан табылды. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Балқаш полиция бөліміне жағалаудан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Мәйітті кездейсоқ адамдар тапқан. Тексеріс жұмыстарынан кейін марқұмның 2021 жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен Болат Дүйсембаев екені анықталды. 51 жастағы ер адамның туыстары бұған дейін полицияға арыз түсіріп, балық аулауға кетіп қайта оралмағанын мәлімдеген. 

"Із-түссіз жоғалғаны туралы ақпараттан кейін жедел-іздестіру жұмыстары басталды. Көл жағасынан жеке заттары табылды. Алайда көлді мұз басқандықтан, құтқарушылар көлде тексеру жұмыстарын жүргізе алған жоқ", –  делінген Қарағанды полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, күн жылынған соң мәйітті жағалауға шығарып тастауы мүмкін. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 11 Сәуір, 2022 15:17
Талқылау