Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан мансабында алғаш рет жеңілді

Төрехан Сабырхан

Фото:ҚБФ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық айқастары өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

70 келіде Төрехан Сабырхан шешуші сында иорданиялық Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді. Зеяд Ишаиш – жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 5:0 есебімен қарсыласына жол берді.

Осылайша ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Төрехан Сабырхан жарыс барысында ширек финалда тәжікстандық Шамшер Саидовты жеңсе, жартылай финалда қытайлық Ван Пейченді тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұл – Төрехан Сабырханның мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол әлем чемпионы атанған дарынды боксшылардың бірі.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 10 Сәуір, 2026 11:40