Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің анасы алғаш рет келіні Толқынға қатысты пікір білдірді

Төреғали жары Толқынға анасының өтінішімен үйленгенін бұған дейін де айтқан еді. Алғашқыда қыз-жігіт болып сөйлесіп жүргенімен, Төреш соңғы шешімді анасының пікірінен кейін қабылдаған. Ал Толқын Төреғалидің анасына бір көргеннен ұнапты.

Төреғали: Анам Толқынды алмасам, менен бас тартатынын айтты

Бұл туралы Төреғалидің анасы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Адамды бірден көзіне, сырт жанарына қарап байқауға болады ғой. Толқынды таныстыруға әкелген кезінде, менің Төреғалиімді бақытты ететін жан деп түсіндім. Кейіннен балам: – Апа, қалай сізге ұнады ма? – деп сұрады. Білмеймін, осы қыз маған ұнап тұр. Өзі көрсеткені осы бір-ақ қыз ғой. Сонымен бұйырды ғой”, – дейді Төреғалидің анасы.

Төрештің сөзіне қарап, көпшілік әнші болашақ жарына махаббатсыз үйлене салды деп те ойлады. Алайда Төреғалидің анасы бұл сөзді жоққа шығарды.

“Бір-бірін қатты жақсы көреді, сыйлайды, ең бастысы. Өздерінде сезім болды, ең бастысы. Мен әшейін қолдау көрсетуші, әрі қарай демеушімін”, – деп түсіндірді ол.

Бұдан бөлек, анасы ұлының тырнақалды фильміне қатысты пікір білдірді.

“Қалай болады, не болады деп киноның басынан бастап бітем дегенше қатты қобалжыды. Осы күнге дейін неше түрлі қиындықтан өтті ғой. Бұдан қатты қинала қоймас деп ойлаймын”.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр