Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали жары Толқынды әріптестерінен де жасырып келген

Төреғалидың жұрт білмейтін сырларын бұл жолы жұлдыздар қауымы бөлісті. 3 жыл бойы жұбайын көпшілік көзінен тасада ұстаған әнші жігіт Толқынды тіпті өнер өлкесіндегі әріптестерінен де жасырын ұстаған. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген танылмалдар тобы Төрештің тағы бір құпиясын ашты.

«Мен өзім осы уақытқа дейін Толқынды көрген емеспін. Шындықты айтайын да. Жалпы әркім өз келіншегін көрсеткені дұрыс қой. Отбасын танытып жүргені мен ойлаймын нұр үстіне нұр деп. Негізі жұбайымызды жасырып қоя алмаймыз ғой. Жас келген соң бәрібір көрсетеді ғой», – дейді Нұрлан Еспанов.

Ал, «Жігіттер» тобы осыдан 3 жыл бұрын екі жастың құдалығына қатысып, қызды ұзату рәсімінде бой көрсеткенімен, жас келінді 2014-ші жылдан бері көрмегенін айтады.

«3 жыл бұрын ұзату тойында болғанбыз. Ұзатып келінді үйге алып келгенбіз. Бірақ, сол тойдан кейін біз мүлдем көрген жоқпыз келінді. Сабақты ине сәтімен дейді ғой. Төреғалидың тойын 3 жыл күттік. Бұйырғаны күні осы болған шығар», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов.

Иә, 2014-ші жылдың күзінде Оразымбетованың да Толқынмен танысқаны есінде. Содан бері Гүлнұр ханым жас келіннің жүзін көрмепті.

«Осыдан 3 жыл бұрын Атырауда концертте жүргенімізде Төреғали мені Толқынмен таныстырды. Алғаш рет сол кезде көрдім Толқынды. Содан кейін 2 айға жетпей олар үйленді. Бірақ, Толқынды үйленгеннен кейін көрген жоқпын. Келіннің қолынан әлі шәй ішкен жоқпын», – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана дүбірлі тойын атап өткен Төреғали 3 жыл бойы жасырған жұбайын жұртқа таныстырған болатын. Бүгінде жұлдызды жұптың Томирис пен Тоғжан есімді қос қызы бар. Ал, қазіргі таңда Төреш пен Толқын жанұясымен Түркия елінде бал айларын өткізіп жатыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)

Сәдуақасовадан Смағұловаға: Әнші Мәдина тегін өзгертуге бел буды

Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Ауыпбаев “Меломен” тобымен татуласты: Ол топқа қайта орала ма?

Талқылау