AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі 50-ге толған анасын ерекше құттықтады (видео)

Төреғали Төреәлі анасының туған күніне ерекше сый әзірледі. Әнші елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты той жасаудан бас тартқанын хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Аяулы анашымның туған күні. Қымбат қой кім-кімге де ана деген! Кеше, анамыздың туған күнін атап өткен болатынбыз. Жарты ғасырлық мерейтойын жақындармен жиналып жарқыратып жасауға да болушы еді.
Еліміздегі, әулетіміздегі, жан-жағымыздағы жағдайларды көре тұра арқа-жарқа тойлату жанымызға жат болғасын, жолын ғана жасап қоюды жөн көрдік. Анашым, әкем екеуіңіздің қуаныштарыңызды Алла қаласа әлі талай тойлармыз. Ұл-қыздарыңыздың ортасында күліп-ойнап есен-аман жүріңіздер!  Ел іргесі аман болсын ағайын", – деп жазба қалдырды Төреғали Instagram-дағы парақшасында.

Әнші түнгі сағат 12-де бір құшақ гүлін алып, шарлармен безендірілген үй ауласына анасын алып шықты. Төреғалидің әрекетіне желі оқырмандары риза болды. 



"Бақытты ана, сізге де, балаларыңызға да бақыт тілеймін. Рақмет. Әдемі қуанттыңыз", "Анаңыз 100 жасасын, Төреш бауырым, сендей қазақтың маңдайына біткен ұлды өмірге әкелген анаңыз ұрпағымен тек жақсы күндерді басынан өткерсін", "Красавчик Төреш", "Анасын құрметтейтін өзіңдей азаматқа Алланың берері көп болсын", "Керемет құттықтау", – деп жылы лебізін білдірді олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр