AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали: Қашанғы өтірік мәдениетті адам болып жүремін?

Төреғали Төреәлі жақында тырнақалды фильмін жарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Кинокартина Ұлы дала баласының өз өміріне ұқсайды. Өнер иесі, әсіресе киноның сценарийін Павлодардағы даулы оқиғадан кейін жан-тәнімен ұғынғанын айтады. Фильмде әйгілі “жұлдыз” Төреғалиді бір күн ішінде ешкім танымай қалады екен, деп жазады Stan.kz.

Төреғали Төреәлі

“Ешкім танымай қалмаса да, одан зорын бастан өткердім”, – дейді Төреш. Бір қызығы, жұрт “мәдениетсіз” деп сөккен Төреғали өзінің теріс қасиеттерін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол Зарина Муслимнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасында толығымен айтып берді.

“Шынайылық деп жүріп, ең шынайы бет бейнемді көрсеткен сияқтымын. Оны қашанғы жасырып жүремін? Өзім сондай болсам, қашанғы өтірік мәдениетті, тәрбиелі адам болып жүремін деп ойлаймын кейде”, – дейді Төреғали.

Ұлы дала баласының айтуынша, сахнада да тура солай. Бұл орайда ол тек өзі ұнататын әнші бикештермен дуэт құрғанын мысалға келтірді.

“Қасыңдағы серіктес қызды жақсы көрмейсің, бірақ сен оны жақсы көретіндей ойнау керексің. Халық айна ғой. Көзі қырағы көрермен өтірік істеп тұрғаныңды байқап қалады. Қанша суайт болсаң да, кішкентай ғана мейірімің мен жүрегің болса да, халық соны көреді деп ойлаймын. Баяғыда Айнұрмен айтыс болған кезде жұрт “мына бала Айнұрға өле ғашық екен” деп шықты.

Еркені жек көргеннен дуэт айтасың ба? Жақсы көргеннен айтасың. Мөлдір, мысалы. Мен дуэт айтқан қазақ қыздарының осалы жоқ деп ойлаймын. Елдің сүйікті әншілері болғаннан кейін, мен де елдің бір өкілімін. Халықтың талғамы қандай болса, менікі де сондай”, – дейді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр