Тоқаев елімізде "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл адамзаттың асыл қазынасы екенін айтты.
“Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы “Әл-Фараби” орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі”, – деді Тоқаев.
ОқыңызПрезиденттің сөзінше, “Мейірім”, “Қожа Ахмет Ясауи”, “Әл-Фараби” ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев 1995 және 2026 жылдардағы Конституцияның басты айырмашылығын айтқан еді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді