Құрылтай сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстанның жаңа парламенті – Құрылтайға сайлау тамыз айында өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада ғалымдарды марапаттау рәсімінде мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын”, – деді президент.
Президенттің айтуынша, партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі.
“Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай "қайта құруға" жол ашады. Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым”, – деді президент.
ОқыңызЕске салайық, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ бүгін Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды. Exit poll нәтижесін сауалнама бойынша Еуразиялық интеграция институты ұсынды.
16 наурызда Тоқаев 15 жазда Парламент сайлауы өтетінін айтқан еді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді