Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай өз жұмысын 1 қыркүйекте бастайды

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай жұмысын биыл 1 қыркүйектен бастайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны Әшімбаев Сенат кулуарында айтты. 

“Егер халық жаңа Конституция жобасын қолдаса, біз жұмысты 1 шілдеге дейін аяқтаймыз. Содан кейін 1 қыркүйекте жаңа парламент өз жұмысын бастайды”, – дейді Мәулен Әшімбаев.


Конституция жобасында Құрылтайды таратуға шектеулер енгізілді


Ұлттық құрылтайдың V отырысының Қызылордада өтуі: Сыр өңірі жұртшылығы алғыс білдірді


Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес:

Қос палаталы парламент – Сенат пен Мәжіліс таратылады;

Оның орнына бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады;

Құрылтай құрамына 145 депутат кіреді;

Барлық депутаттар пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізімдермен сайланады;

Депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болады;

Партиялар үшін сайлауалды өту шегі 5% деңгейінде белгіленеді.

Құрылтайдың өкілеттіктері:

Құрылтай елдегі жалғыз заң шығару органы болады. Ол:

заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдайды;

республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есептерді бекітеді;

премьер-министрді тағайындауға келісім береді;

үкіметтің есептерін тыңдайды;

жекелеген мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысады.

Сонымен қатар Президент заң шығару бастамасы құқығын және вето қою құқығын сақтап қалады.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасында президенттің бірқатар маңызды кадрлық тағайындаулары Құрылтайдың келісімімен жүзеге асуы көзделген. Егер Құрылтай бұл тағайындауларға екі рет қатарынан келісім бермесе, мемлекет басшысына Құрылтайды тарату құқығын беру ұсынылып отыр. Әділет министрі Ерлан Сарсембаев бұл норманың алдын алу сипатында екенін атап өтті. Ұсынылған өзгерістер референдумда қаралады.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 13:11